АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен шахтада жұмыс жалғасуда. Қазір құтқарушылар электрлі-пневматикалық құралдар арқылы салмағы 5 тоннадан асатын тастарды қолмен алып шығып жатыр. Себебі бұл тастар экскаваторға кіруге кедергі келтіреді.
Павлодар облысы ьөтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Олег Трещевтің айтуынша, құтқарушылар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр, топырақтың шөгуі жалғасуда. Жұмыстың бағыты аспаптардың көмегімен реттеледі. Кинологиялық есептоптар қолданылды.
Іздестіру жұмыстарына 147 адам мен 45 техника жұмылдырылған.
Еске салсақ, 4 қаңтарда Майқайың кеніші маңында төрт жжұмысшы мінген автобус шұңқырға құлап кетті. Оқиға түнгі сағат 1 шамасында болған. Олардың екеуінің денесі сол күні табылса, қалған екі адамды әлі іздестіріп жатыр.