https://sputnik.kz/20240125/mayqayyndagy-avtobus-apaty-zhogalgan-adamdardyn-tuystary-koripkel-shaqyrdy-41820654.html
Майқайыңдағы автобус апаты: жоғалған адамдардың туыстары көріпкел шақырды
Майқайыңдағы автобус апаты: жоғалған адамдардың туыстары көріпкел шақырды
Sputnik Қазақстан
Көріпкел құтқарушылар жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген жерге жақындамады 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T12:37+0500
2024-01-25T12:37+0500
2024-02-02T16:49+0500
көріпкел
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41590504_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_bdf72627683a150d4d91b80d3f915dbc.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Майқайың кенішіне көріпкелдің келуіне департаменттің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.Айта кетейік, әлеуметтік желіде Майқайың кенішінде құлап кеткен автобустағы құтқарушыларды іздестіруге Айгүл есімді көріпкелдің шақыртылғаны туралы ақпарат тарады.Ведомство мәліметіне сәйкес, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Топырақтың қозғалуын сканерлеуге арналған жабдық, геосканер және металл іздегіш пайдаланылады.Белгілі болғандай, шұңқырдың түбінде кинологиялық бригадалар үнемі жұмыс істеп жатыр. Жұмыс бағыты мамандандырылған аспаптардың көрсеткіштеріне қарай реттеледі.Еске салйық, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына шетелдік мамандарды тарту талап етілмейтіні туралы хабарлады. 4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер опырылып, үлкен шұңқырға 4 адам мінген автобус құлап кеткен. Сол күні құтқарушылар қайтыс болған екі адамның денесін тапты. Автобустың орналасқан жерін анықтау үшін "Алтыналмас АК" АҚ (Балқаш қаласы) мамандары мен ТЖД құтқарушылары пайда болған құлауды геосканизациялау бойынша жұмыстар жүргізді.
https://sputnik.kz/20240118/maqayyndagy-avtobus-apaty-qutqarushylar-birneshe-zatty-tapty-41653002.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41590504_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_d4c6486fbf7b663a0c056e8ab930c176.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көріпкел, павлодар облысы
көріпкел, павлодар облысы
Майқайыңдағы автобус апаты: жоғалған адамдардың туыстары көріпкел шақырды
12:37 25.01.2024 (жаңартылды: 16:49 02.02.2024) Көріпкел құтқарушылар жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген жерге жақындамады
АСТАНА, 25 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Майқайың кенішіне көріпкелдің келуіне департаменттің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Майқайың кенішінде құлап кеткен автобустағы құтқарушыларды іздестіруге Айгүл есімді көріпкелдің шақыртылғаны туралы ақпарат тарады.
"Ешбір бөлім олардың бұл әрекетіне кедергі бола алмайды. Көріпкел ретінде танылған адам олармен бірге қауіпсіз қашықтықта болды. Құтқарушылар жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген жерге жақындамады", – деді департаменттегілер.
Ведомство мәліметіне сәйкес, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Топырақтың қозғалуын сканерлеуге арналған жабдық, геосканер және металл іздегіш пайдаланылады.
Белгілі болғандай, шұңқырдың түбінде кинологиялық бригадалар үнемі жұмыс істеп жатыр. Жұмыс бағыты мамандандырылған аспаптардың көрсеткіштеріне қарай реттеледі.
Еске салйық, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына шетелдік мамандарды
тарту талап етілмейтіні туралы хабарлады.
4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер опырылып, үлкен шұңқырға 4 адам мінген автобус құлап кеткен. Сол күні құтқарушылар қайтыс болған екі адамның денесін тапты. Автобустың орналасқан жерін анықтау үшін "Алтыналмас АК" АҚ (Балқаш қаласы) мамандары мен ТЖД құтқарушылары пайда болған құлауды геосканизациялау бойынша жұмыстар жүргізді.