Алматыда Қазақстанның барлық оқушысы үшін музейге бару тегін болады

Елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. 24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қала әкімдігі қол қойған бұл шешім білім беру процесін байытып, мәдениетке, өнерге және тарихқа деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балалардағы сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді", - делінген хабарламада.
Әкімдікте хабарланғандай, елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек. Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге оқушылар мереке күндері және оқу жылында бара алады.
Әлем
Видеоға түсіп қалған елес музей қызметкерлерінің зәресін алды