Алматыда Қазақстанның барлық оқушысы үшін музейге бару тегін болады

© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаевтың музей-үйі
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
Елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. 24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қала әкімдігі қол қойған бұл шешім білім беру процесін байытып, мәдениетке, өнерге және тарихқа деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балалардағы сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға септігін тигізеді", - делінген хабарламада.
Әкімдікте хабарланғандай, елдегі 3,9 млн мектеп оқушысы мен жасөспірімдер әртүрлі экспонаттарды, артефактілерді және өнер туындыларын көруі керек. Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге оқушылар мереке күндері және оқу жылында бара алады.
Қыздың сұлбасы, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2019
Әлем
Видеоға түсіп қалған елес музей қызметкерлерінің зәресін алды
Жаңалықтар
0