АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,75%-дан 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді. Бұл Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.
Айлық инфляция орташа жылдық мәндерінен (0,7%) біраз жоғары қалыптасып, 0,8% болды. Тұтынушылық бағалардың орнықты бөлігін сипаттайтын базалық инфляция желтоқсан айында аздап жеделдеді. Жалпы алғанда, базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсеткіштері бірнеше ай бойы тұрақты болып отыр. Бұл ретте олар әлі де белгіленген таргеттен жоғары. Жалпы инфляцияны 5%-ға дейін сенімді түрде төмендету үшін 2025-2026 жылдары оның орнықты бөлігін одан әрі баяулату қажет.
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.