https://sputnik.kz/20240119/ulttyq-bank-bazalyq-molsherlemeni-1525-ga-deyin-tomendetti-41681892.html
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендетті
Sputnik Қазақстан
Жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-19T11:39+0500
2024-01-19T11:39+0500
2024-01-19T11:39+0500
ұлттық банк
базалық мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/1434/97/14349712_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_74259e515d83507b68ea7f373d779410.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,75%-дан 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді. Бұл Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.Айлық инфляция орташа жылдық мәндерінен (0,7%) біраз жоғары қалыптасып, 0,8% болды. Тұтынушылық бағалардың орнықты бөлігін сипаттайтын базалық инфляция желтоқсан айында аздап жеделдеді. Жалпы алғанда, базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсеткіштері бірнеше ай бойы тұрақты болып отыр. Бұл ретте олар әлі де белгіленген таргеттен жоғары. Жалпы инфляцияны 5%-ға дейін сенімді түрде төмендету үшін 2025-2026 жылдары оның орнықты бөлігін одан әрі баяулату қажет.Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1434/97/14349712_260:0:2991:2048_1920x0_80_0_0_aff1c18098e00a991c3f54fb2265a006.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, базалық мөлшерлеме
ұлттық банк, базалық мөлшерлеме
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендетті
Жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,75%-дан 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді. Бұл Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.
Айлық инфляция орташа жылдық мәндерінен (0,7%) біраз жоғары қалыптасып, 0,8% болды. Тұтынушылық бағалардың орнықты бөлігін сипаттайтын базалық инфляция желтоқсан айында аздап жеделдеді. Жалпы алғанда, базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсеткіштері бірнеше ай бойы тұрақты болып отыр. Бұл ретте олар әлі де белгіленген таргеттен жоғары. Жалпы инфляцияны 5%-ға дейін сенімді түрде төмендету үшін 2025-2026 жылдары оның орнықты бөлігін одан әрі баяулату қажет.
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.