Фото

Қазақстанда Шоқыну мерекесінде суға шомылғандар – фото

18 қаңтар күні кештен бастап, келесі күні бойы Шоқыну мерекесіне орай православиелік христиандар және басқа дін ұстанушы қазақстандықтар шіркеулер жанындағы купельдерге және табиғи суаттардағы мұз шұңқырларында шомылды.
Sputnik
Бұл қалай болғаны туралы толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан қараңыз
Шоқыну кезіндегі шомылу дәстүрі ресми түрде шіркеу рәсімі болмаса да, мыңдаған адамдар өз еркімен қақаған аязда суық суға түседі.
Екі қалада да Шоқыну мерекесі кезіндегі шомылуы әртүрлі жастағы, ұлттар мен діндердегі мыңдаған адамды біріктірді: купельге шомылу дәстүрі көптеген жылдар бойы бүкілхалықтық сипатта. Шомылу рәсімі ресми түрде 19 қаңтарда шамамен түн ортасы ауған шақта аяқталады.
1 / 15

Астанада шомылу кеше кешке қарай басталды. Елордалықтар бұл жылы да өткен жылдардағыдай жағалаудағы купельге көптеп жиылды.

2 / 15

Ал алматылықтар көбіне мереке алдында қалалық шіркеулер мен монастырьлердің жанына арнайы орналастырылған жасанды купельдерге шомылды.

3 / 15

Ірі қала тұрғындарының Шоқыну мерекесі кезінде суық суға түсуге деген ықыласын біліп, жергілікті билік алдын ала дайындалды.

4 / 15

Суға түсу орындары белгіленіп, адамдар киім ауыстыратын шатырлар тігіліп, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері адамдардың қауіпсіздігін қадағалады.

5 / 15

Мұндай ауа райында күндіз купельге суға түскісі келетіндер түнге қарағанда әлдеқайда көп болды.

6 / 15

Шомылу Алматыдағы шіркеулерде 18 қаңтар күні кешке басталды. Ауа температурасы - 8 болған түнде суға шомылуға бел буғандар жұмыстан кейін бірден купельдерге келді.

7 / 15

Басым уақытта купельдер бос болып, бұл мереке басталған кезде суға түскісі келгендерді қуантты

8 / 15

Қазақстандағы көптеген басқа мерекелер сияқты Шоқыну мейрамы кезіндегі шомылу әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдерін біріктірді. Адамдар купельге түсуді тазару және денсаулықты нығайту мүмкіндігі деп қабылдайды.

9 / 15

Көптеген адамдар ғибадатханалардың жанындағы купельдерге балаларымен бірге келді. Балалардың көпшілігі бұл процесті жай ғана бақылап отырды, ал кейбіреулері ата-аналарының рұқсатымен суық суға өздері сүңгіді.

10 / 15

Адамдарға қамқорлық ретінде барлық шіркеуде адамдар ыстық шаймен бойын жылынатын арнайы орындар ұйымдастырылды.

11 / 15

19 қаңтар күні таңертең шіркеулер жанындағы купельдердегі жағдай түндегіге қарама-қайшы болды. Күндіз түнгі аяздың беті аздап қайтып, аспанда күн шықты.

12 / 15

Көптеген адамдар туыстарынан немесе жай ғана бейтаныс адамдардан шомылу кезінде өздерін видеоға түсіруді сұрады.

13 / 15

Алматыдағы Шоқыну меркесі кезіндегі шомылу өтетін орындардың көпшілігінде бұл рәсім кешкі сағат 20:00 мен 22:00 аралығында аяқталады.

14 / 15

Екі қалада да Шоқыну меркесі кезіндегі шомылуы әртүрлі жастағы, ұлттар мен діндегі мыңдаған адамдардың басын біріктірді: купельге шомылу дәстүрі көптеген жылдар бойы бүкілхалықтық сипатта.

15 / 15

Жергілікті биліктің мәліметінше, шомылу рәсімі ресми түрде 19 қаңтарда шамамен түн ортасы ауған шақта аяқталады.