Қазақстанда Шоқыну мерекесінде суға шомылғандар – фото
Қазақстанда Шоқыну мерекесінде суға шомылғандар – фото
Sputnik Қазақстан
18 қаңтар күні кештен бастап, келесі күні бойы Шоқыну мерекесіне орай православиелік христиандар және басқа дін ұстанушы қазақстандықтар шіркеулер жанындағы... 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
Бұл қалай болғаны туралы толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан қараңызШоқыну кезіндегі шомылу дәстүрі ресми түрде шіркеу рәсімі болмаса да, мыңдаған адамдар өз еркімен қақаған аязда суық суға түседі. Екі қалада да Шоқыну мерекесі кезіндегі шомылуы әртүрлі жастағы, ұлттар мен діндердегі мыңдаған адамды біріктірді: купельге шомылу дәстүрі көптеген жылдар бойы бүкілхалықтық сипатта. Шомылу рәсімі ресми түрде 19 қаңтарда шамамен түн ортасы ауған шақта аяқталады.
18 қаңтар күні кештен бастап, келесі күні бойы Шоқыну мерекесіне орай православиелік христиандар және басқа дін ұстанушы қазақстандықтар шіркеулер жанындағы купельдерге және табиғи суаттардағы мұз шұңқырларында шомылды.
Бұл қалай болғаны туралы толығырақ Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан қараңыз
Шоқыну кезіндегі шомылу дәстүрі ресми түрде шіркеу рәсімі болмаса да, мыңдаған адамдар өз еркімен қақаған аязда суық суға түседі.
Екі қалада да Шоқыну мерекесі кезіндегі шомылуы әртүрлі жастағы, ұлттар мен діндердегі мыңдаған адамды біріктірді: купельге шомылу дәстүрі көптеген жылдар бойы бүкілхалықтық сипатта. Шомылу рәсімі ресми түрде 19 қаңтарда шамамен түн ортасы ауған шақта аяқталады.
Суға түсу орындары белгіленіп, адамдар киім ауыстыратын шатырлар тігіліп, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері адамдардың қауіпсіздігін қадағалады.
Шомылу Алматыдағы шіркеулерде 18 қаңтар күні кешке басталды. Ауа температурасы - 8 болған түнде суға шомылуға бел буғандар жұмыстан кейін бірден купельдерге келді.
Қазақстандағы көптеген басқа мерекелер сияқты Шоқыну мейрамы кезіндегі шомылу әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдерін біріктірді. Адамдар купельге түсуді тазару және денсаулықты нығайту мүмкіндігі деп қабылдайды.
Көптеген адамдар ғибадатханалардың жанындағы купельдерге балаларымен бірге келді. Балалардың көпшілігі бұл процесті жай ғана бақылап отырды, ал кейбіреулері ата-аналарының рұқсатымен суық суға өздері сүңгіді.
19 қаңтар күні таңертең шіркеулер жанындағы купельдердегі жағдай түндегіге қарама-қайшы болды. Күндіз түнгі аяздың беті аздап қайтып, аспанда күн шықты.
Екі қалада да Шоқыну меркесі кезіндегі шомылуы әртүрлі жастағы, ұлттар мен діндегі мыңдаған адамдардың басын біріктірді: купельге шомылу дәстүрі көптеген жылдар бойы бүкілхалықтық сипатта.