Арыста ғимаратта газ баллоны жарылды: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Зардап шеккендердің екеуі де - Өзбекстан азаматы
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Арыста газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Олардың біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы және дүкен орналасқан бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Екі адам ауруханаға түсті.

“Зардап шеккендердің екеуі де - Өзбекстан азаматы. Бірі – әйел, екіншісі– ер адам. 1984 жылғы әйелдің денесін 92% күйік шалған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке орай науқас алған жарақатынан қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.

Оқиға 17 қаңтарда болған еді.
Арыста ғимаратта газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар