Арыста ғимаратта газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

© Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментіАрыста ғимаратта газ баллоны жарылды
Арыста ғимаратта газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Жазылу
Құтқарушылардың айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Арыста наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан ғимаратта газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Арыс қаласы Қазыбек би көшесіндегі ғимаратта болған.
“Аумағы 285 шаршы метр бір қабатты бір шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкен өртенді. Наубайхана ішінде өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 50 литр пропан жарылған. Салдарынан 1984 және 1998 жылы туған екі жұмысшы зардап шекті. Олар орталық ауруханаға жатқызылды”, - дейді ведомстводағылар.
© Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментіАрыста ғимаратта газ баллоны жарылды
Арыста ғимаратта газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Арыста ғимаратта газ баллоны жарылды
Мәлім болғандай зардап шеккен екі адам Өзбекстан азаматы.
Құтқарушылардың айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр. Бірінің денесінің 65-70%-ін, екіншісінің 25-30% денесін күйік шалған.
Жаңалықтар
0