Қазақстанның әуе компаниялары Йеменді айналып ұшады – авиация әкімшілігі

Қазір жаппай бомбаланып жатқан Йеменнің әуе кеңістігі қауіпті аймаққа айналды
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Әуе компанияларына әуе шабуылына ұшыраған Йемен аумағының үстінен ұшпауға кеңес берілді. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарлады.
Йемендегі оқиғаларға байланысты авиациялық қауіпсіздік саласындағы қауіп-қатер мен тәуекелдерді басқару дәрежесі бағаланды.
"Бағалау нәтижесі негізінде Авиация әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына Йеменнің әуе кеңістігі арқылы ұшпау туралы тиісті ұсыныстар жіберді", - делінген ведомство хабарламасында.
Кеше АҚШ пен Ұлыбритания Ходейда портының маңына және оның шығысындағы нысандарға бірнеше ондаған әуе соққысын жасады. Сондай-ақ Йемен астанасы Сананың солтүстік бөлігіндегі Ад-Длейми әуе базасына соққы жасалған.
Әлем
Израиль Газа секторына 45 мыңнан астам зымыран мен бомба тастады – анклав билігі