Әлем

Эквадордағы қақтығыс: әскерилер 329 адамды ұстады, бес лаңкестің көзі жойылды

Эквадор басшысы қылмыстық топпен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтты
Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Тәртіпсіздік басталы бері Эквадор әскері мен полициясы рейдтер кезінде 329 қылмыскерді ұстады және бес адамды өлтірді. Бұл туралы елдің қарулы күштері біріккен қолбасшылығының басшысы Хайме Вела Эрасо мәлімдеді.
"Әртүрлі калибрлі 61 қару, 418 оқ-дәрі, 24 жарылғыш зат тәркіленді, 329 террористі ұстадық. 41 адам тұтқыннан босатылды. Бес террористің көзін жойдық", - деді Вела.
Әскерилер мен полицияға үш қарулы топ шабуыл жасады, шабуылдарды басу кезінде қашып кеткен 28 сотталушы қайта ұсталды.
Эквадор президенті Даниэль Нобоа 139 қызметкер кепілге алынған түрме жүйесін бақылауды қалпына келтіру үшін қарулы күштерді пайдалану мақсатында елде төтенше жағдай жариялады.
9 қаңтарға қараған түні бүлікшілер көліктер мен автобустарды өртеп жіберді, Гуаякилде қолдан жасалған бомбалар жарылып, қарақшылар жергілікті телеарнаның студиясын уақытша басып алды.
Осыдан кейін Нобоа ел ішінде қарулы қақтығыс туралы жариялап, он мыңдаған мүшесі бар 22 қылмыстық топты залалсыздандыру жөнінде әскерге бұйрық берді. Біріккен қолбасшылық басшысы Вела Эрасо бұл қылмыстық топтарды әскери нысана деп жариялап, олармен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтты.