https://sputnik.kz/20240111/ekvadordagy-qaqtygys-askeriler-329-adamdy-ustady-bes-lankestin-kozi-zhoyyldy-41489776.html
Эквадордағы қақтығыс: әскерилер 329 адамды ұстады, бес лаңкестің көзі жойылды
Эквадордағы қақтығыс: әскерилер 329 адамды ұстады, бес лаңкестің көзі жойылды
Sputnik Қазақстан
Эквадор басшысы қылмыстық топпен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтты 11.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-11T11:32+0500
2024-01-11T11:32+0500
2024-01-11T11:32+0500
әлем
қақтығыс
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0b/41484967_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_69c1925bf449421adf76b63c97c23b54.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Тәртіпсіздік басталы бері Эквадор әскері мен полициясы рейдтер кезінде 329 қылмыскерді ұстады және бес адамды өлтірді. Бұл туралы елдің қарулы күштері біріккен қолбасшылығының басшысы Хайме Вела Эрасо мәлімдеді.Әскерилер мен полицияға үш қарулы топ шабуыл жасады, шабуылдарды басу кезінде қашып кеткен 28 сотталушы қайта ұсталды.Эквадор президенті Даниэль Нобоа 139 қызметкер кепілге алынған түрме жүйесін бақылауды қалпына келтіру үшін қарулы күштерді пайдалану мақсатында елде төтенше жағдай жариялады.9 қаңтарға қараған түні бүлікшілер көліктер мен автобустарды өртеп жіберді, Гуаякилде қолдан жасалған бомбалар жарылып, қарақшылар жергілікті телеарнаның студиясын уақытша басып алды.Осыдан кейін Нобоа ел ішінде қарулы қақтығыс туралы жариялап, он мыңдаған мүшесі бар 22 қылмыстық топты залалсыздандыру жөнінде әскерге бұйрық берді. Біріккен қолбасшылық басшысы Вела Эрасо бұл қылмыстық топтарды әскери нысана деп жариялап, олармен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0b/41484967_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_67537cc4ba43c6854eaf51050fc891e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қақтығыс
Эквадордағы қақтығыс: әскерилер 329 адамды ұстады, бес лаңкестің көзі жойылды
Эквадор басшысы қылмыстық топпен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтты
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Тәртіпсіздік басталы бері Эквадор әскері мен полициясы рейдтер кезінде 329 қылмыскерді ұстады және бес адамды өлтірді. Бұл туралы елдің қарулы күштері біріккен қолбасшылығының басшысы Хайме Вела Эрасо мәлімдеді.
"Әртүрлі калибрлі 61 қару, 418 оқ-дәрі, 24 жарылғыш зат тәркіленді, 329 террористі ұстадық. 41 адам тұтқыннан босатылды. Бес террористің көзін жойдық", - деді Вела.
Әскерилер мен полицияға үш қарулы топ шабуыл жасады, шабуылдарды басу кезінде қашып кеткен 28 сотталушы қайта ұсталды.
Эквадор президенті Даниэль Нобоа 139 қызметкер кепілге алынған түрме жүйесін бақылауды қалпына келтіру үшін қарулы күштерді пайдалану мақсатында елде төтенше жағдай жариялады.
9 қаңтарға қараған түні бүлікшілер көліктер мен автобустарды өртеп жіберді, Гуаякилде қолдан жасалған бомбалар жарылып, қарақшылар жергілікті телеарнаның студиясын уақытша басып алды.
Осыдан кейін Нобоа ел ішінде қарулы қақтығыс туралы жариялап, он мыңдаған мүшесі бар 22 қылмыстық топты залалсыздандыру жөнінде әскерге бұйрық берді. Біріккен қолбасшылық басшысы Вела Эрасо бұл қылмыстық топтарды әскери нысана деп жариялап, олармен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтты.