АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Өткен жылдың қараша айында Qazaq Air компаниясын сату бойынша бірінші ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеген деп танылды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол кезде инвесторларға авиакомпанияның 49%-дан 100%-ға дейінгі акциясын сатып алу ұсынылды.
100% акция үшін бастапқы баға 10,2 миллиард теңгені (22,5 миллион доллар) құрады.
"Самұрық-Қазына" АҚ екі кезеңнен тұратын жаңа ашық конкурс аясында "Qazaq Air" АҚ акцияларының 49%-дан 100%-ға дейін сату бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Конкурс рәсімдерін өткізудің негізгі мерзімдері:
конкурстың бірінші кезеңінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 29 қаңтарында сағат 10.00-де аяқталады;
2024 жылдың 16 ақпанында байқау қорытындысын шығару жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев ведомство Qazaq Air әуе компаниясын сату бойынша вьетнамдық Sovico компаниясымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.