"Самұрық-Қазына" Qazaq air неліктен сатылатынын түсіндірді

 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 тамыз – Sputnik. Qazaq Air акцияларының 49-100 пайызы жекенің қолына беріледі, бастапқы бағасы – 100% акция үшін 10,2 миллиард теңге, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" қоры.
Екі кезеңдік ашық конкурстың шарттары бойынша авиакомпанияның 49-дан 100 пайызға дейінгі акциялары сатылады.
Бастапқы бағасы-100% акция үшін 10,2 миллиард теңге. Бірақ бұл ретте инвестор "Самұрық-Қазына" АҚ-ның бұрын салған қаражатын қайтарады деп болжануда, ал бұл көп те, аз да емес – 38 миллиард теңге.
Акциялар пакетінің ең төменгі құны тәуелсіз кеңесшінің бағалауынан кейін белгіленеді. Қазіргі уақытта авиакомпанияның акциялар пакетін сатып алуға ықтимал мүдделі адамдар тобы анықталып жатыр.
"Конкурсқа қазақстандық және шетелдік инвесторлар қатыса алады. Заңнамалық нормаға байланысты: қазақстандық инвесторлар ғана 100 пайыздық пакетке ие бола алады. Qazaq air бәсекелестік ортаға 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары аясында беріледі", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сатжан брифингке.
Оның айтуынша, авиакомпанияны сатудың үш мақсаты бар:
QAZAQ AIR-ді Астанада хабы бар Орталық Азияның жетекші өңірлік авиатасымалдаушысына айналдыру үшін инвестициялар мен ресурстарды тарту;
Қазақстанда өңірлік және жаһандық деңгейде әуе қатынасының қолжетімділігін арттыру;
бәсекелестік нарықтағы квазимемлекеттік сектор үлесінің төмендеуі.
"Qazaq air" АҚ басқарма төрағасы Еркін Наурызбаевтың айтуынша, авиатасымалдау саласында қазақстандық жолаушылар саны артқан.
"2022 жылы 11 млн жолаушы ұшқан. Биыл екі еседен астам - 24 миллионға дейін өсті. Qazaq air - Қазақстанның тұрақты ішкі және халықаралық авиарейстерге қызмет көрсететін үш ірі коммерциялық авиакомпаниясының бірі", - деді ол.
2021-2022 жылдары әуекомпаниясы Skytrax нұсқасы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік авиакомпаниялардың үштігіне кірді.
Жаңалықтар
0