Биыл әлемдегі ең нашар тағамдар тізімінде исландиялық "хаукартль" деликатесі бірінші орында тұр. Өйткені хаукартль акула етінен жасалады. Оның үстіне, алдымен ет шіруі керек, содан кейін ол кептіріледі де, тағам ретінде тұтынылады.
Қуырылған өрмекші. Бұл тағам, мысалы, Камбоджада кең таралған.
Орыс тоңбасы – жаңа жылдық дастарқанға да қойылатын танымал тағамдардың бірі. Оның үстіне, бұл тағам орыс асханасымен таныс адамдарға ұнайды. Дегенмен TasteAtlas оны антирейтингке енгізді.
Сондай-ақ тізімге үстіне карамельденген қант құйылған қайнатылған жұқа кеспеден жасалған пісірме - иерусалимдік кугель де енді.
Әдеттегі тоқаш орнына кеспе қолданылатын рамен-бургер.
Скландраусис - шошқа майы және қатықты араластырып дайындалатын латыш бәліші.
Чапалеле – картоп және ұннан жасалған чилилік жұлма қамыр.
Смалахове – қойдың басынан дайындалатын дәстүрлі батыс норвегиялық тағам.
Шоколад қосылған бекон. Бұл тағам АҚШ-та өте танымал. Дегенмен ол да ең жиіркенішті тағамдар тізімінде кірді.