Қуырылған өрмекші, шіріген акула еті: тәбетті қашыратын тағамдар анықталды – фото
Жазылу
TasteAtlas энциклопедиясы тәбетті қашыратын тағамдардың жыл сайынғы әлемдік рейтингін жаңартты. Бұл жолы тізімде көп адам сүйсініп жейтін орыс тоңбасы (холодец) да бар. Алайда рейтингідегі бірінші орын шетелдік деликатеске берілді.
Әлемдегі ең жиіркенішті тағамдар тізіміне қандай ас-ауқат енгені туралы толығырақ Sputnik суреттер топтамасынан көріңіз.

Биыл әлемдегі ең нашар тағамдар тізімінде исландиялық "хаукартль" деликатесі бірінші орында тұр. Өйткені хаукартль акула етінен жасалады. Оның үстіне, алдымен ет шіруі керек, содан кейін ол кептіріледі де, тағам ретінде тұтынылады.

Сондай-ақ тізімге үстіне карамельденген қант құйылған қайнатылған жұқа кеспеден жасалған пісірме - иерусалимдік кугель де енді.

Скландраусис - шошқа майы және қатықты араластырып дайындалатын латыш бәліші.

7/10
Чапалеле – картоп және ұннан жасалған чилилік жұлма қамыр.

Смалахове – қойдың басынан дайындалатын дәстүрлі батыс норвегиялық тағам.

