АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Көкшетауда "Сальто" батут орталығы өртенді. Алпыс адам эвакуацияланды, соның ішінде жартысы – балалар, деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сауна бөлмесінен шыққан, жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖД қызметкерлері тілсіз жауды бір сағат ішінде толығымен сөндірген.
Батут орталығының персоналы өрт сөндірушілер келгенге дейін 40 адамды, соның ішінде 22 баланы эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшесінің күштері қосымша 20 адамды, соның ішінде 8 баланы сыртқа шығарды.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп мәлімдеді облыстың ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтарушылар – 31 адам және 9 техника жұмыс істеді. Төтенше жағдайдың себептерін анықтау жұмысы жалғасып жатыр, деп атап өтті ведомстводағылар.