https://sputnik.kz/20231212/soltustik-qazaqstandagy-auyldarda-akimdik-gimaraty-men-uy-ortendi-40861978.html
Солтүстік Қазақстандағы ауылдарда әкімдік ғимараты мен үй өртенді
Солтүстік Қазақстандағы ауылдарда әкімдік ғимараты мен үй өртенді
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үйдегі өрттен адамдар қаза тапты 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T16:03+0500
2023-12-12T16:03+0500
2023-12-12T16:11+0500
солтүстік қазақстан облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0f/38476813_0:0:2730:1537_1920x0_80_0_0_6f9eb600092c7c528036a6d48a1e2a1e.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өткен түнде екі ауылда ірі өрт болды. Ауылдық әкімдік ғимараты мен тұрғын үй өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин брифингте.Оның айтуынша, түнгі сағат бір шамасында Мамлют қалалық өрт сөндіру бөлімінің орталық пультіне Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимаратының пеш жағатын бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабарламакеліп түскен.1950-60 жылдары салынған ғимарат толығымен ағаштан салынғандықтан, ол бірден жанып кетті. Шатыр толығымен жанып, төбелері опырылған. Өрт сөндірушілер құрал-жабдықтарды эвакуациялап, компьютерлерді, кеңсе техникаларын, құжаттарды сыртқа алып шықты.Ғимаратта әкімдіктен бөлек пошта бөлімшесі болған. Шамамен 80 шаршы метр аумақ жанған.Сонымен қатар сол түні Шал ақын ауданы, Семиполка ауылында да өрт болды. Қоңырау таңғы 4:50-де түсті. Ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық шамамен – 40 шақырым." Өрт сөндірушілер келген кезде іштен кілтпен жабылған үйді толығымен өрт шарпыған. Көршілердің айтуынша, үйде ер адам мен әйел болған. Сағат 9:30-да өрт сөндірілді, оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазір бір адамның сүйегі табылды, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Дмитрий Растихин брифингте.Ол облыста ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өрт оқиғасы айтарлықтай артқанын, нақтырақ айтқанда, аязды бес күнде 20 өрт дерегі тіркелгенін айтты. Өрттердің басым бөлігі жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан тұрғын үй секторында болған.Жыл басынан бері облыста барлығы 551 өрт оқиғасы тіркелген және 30 адам көз жұмды. Өткен жылы дәл осы күні бұл статистика қайтыс болған 36 адамды құрады.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0f/38476813_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_2e958645e1732bd8c125af18bce8cc3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, өрт
солтүстік қазақстан облысы, өрт
Солтүстік Қазақстандағы ауылдарда әкімдік ғимараты мен үй өртенді
16:03 12.12.2023 (жаңартылды: 16:11 12.12.2023) Тұрғын үйдегі өрттен адамдар қаза тапты
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өткен түнде екі ауылда ірі өрт болды. Ауылдық әкімдік ғимараты мен тұрғын үй өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин брифингте.
Оның айтуынша, түнгі сағат бір шамасында Мамлют қалалық өрт сөндіру бөлімінің орталық пультіне Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында әкімдік ғимаратының пеш жағатын бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабарламакеліп түскен.
"Пеш жағатын бөлмеден шыққан өрт әкімдік ғимаратына тарады. Өрт сөндірілді, қазір оның себебін анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған", - деді Дмитрий Растихин.
1950-60 жылдары салынған ғимарат толығымен ағаштан салынғандықтан, ол бірден жанып кетті. Шатыр толығымен жанып, төбелері опырылған. Өрт сөндірушілер құрал-жабдықтарды эвакуациялап, компьютерлерді, кеңсе техникаларын, құжаттарды сыртқа алып шықты.
Ғимаратта әкімдіктен бөлек пошта бөлімшесі болған. Шамамен 80 шаршы метр аумақ жанған.
Сонымен қатар сол түні Шал ақын ауданы, Семиполка ауылында да өрт болды. Қоңырау таңғы 4:50-де түсті. Ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық шамамен – 40 шақырым.
" Өрт сөндірушілер келген кезде іштен кілтпен жабылған үйді толығымен өрт шарпыған. Көршілердің айтуынша, үйде ер адам мен әйел болған. Сағат 9:30-да өрт сөндірілді, оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазір бір адамның сүйегі табылды, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Дмитрий Растихин брифингте.
Ол облыста ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өрт оқиғасы айтарлықтай артқанын, нақтырақ айтқанда, аязды бес күнде 20 өрт дерегі тіркелгенін айтты. Өрттердің басым бөлігі жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан тұрғын үй секторында болған.
Жыл басынан бері облыста барлығы 551 өрт оқиғасы тіркелген және 30 адам көз жұмды. Өткен жылы дәл осы күні бұл статистика қайтыс болған 36 адамды құрады.