АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. Оралдағы жарылыс болған "Rizuq" дәмханасын жалға алған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды "Уральская Неделя" порталы.
Жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Прокуратура жарылысқа қатысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабы 3-бөлігі "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеуді бастады.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен дәмхананы жалға алушы кәсіпкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар жасалатын болады. Іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды", - дейді ведомство.
Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.