АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша құн салығы (ҚҚС) үшін өтемақы енгізгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомство.
"Мессенджерлерде министрлік ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылып жатыр. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ. Хабарламада көрсетілген сілтеме азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтарға алданбау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын еске салды.