Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, монета
Теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша құн салығы (ҚҚС) үшін өтемақы енгізгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомство.
"Мессенджерлерде министрлік ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылып жатыр. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ. Хабарламада көрсетілген сілтеме азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтарға алданбау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын еске салды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Қоғам
Вакцина егілмеген балалар Ұлттық қордан ақша алмайтыны рас па
Жаңалықтар
0