Алматыда жер сілкінді

Жер сілкінісі Түрген ауылында 3 балл, Алматыда 2 балл болып сезілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыдан 55 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жер сілкінісі 7 қаңтарда сағат 09:10-да болды. Эпицентр Алматыдан шығысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан. Энергетикалық класы – 9.3. Магнитудасы – 4.6. Эпицентрдің координаттары – 43.32°С, тереңдігі – 10 км. Жер сілкінісі Түрген ауылында 3 балл, Алматыда 2 балл болып сезілді.
Әлем
Жапониядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 100-ге жетті