АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Талдқорған әкімдігі 160 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Заңсыздықты Жетісу облысының прокурорлары анықтады.
"Талдықорған қаласының әкімдігі аулаларды абаттандыру туралы жобалау-сметалық құжаттамаға жеке құрылыс компаниясы орындап тастаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) тарту бойынша шығыстарды қосқан", - деп мәлімдеді ведомство.
Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына түзету енгізілді. Көрсетілген сомалар мен жұмыстар алынып тасталды.
Ал кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.