Өңірлер

Талдықорған әкімдігі орындалған жұмыстарға 160 млн теңге жұмсамақ болған

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Жазылу
Кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Талдқорған әкімдігі 160 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Заңсыздықты Жетісу облысының прокурорлары анықтады.
"Талдықорған қаласының әкімдігі аулаларды абаттандыру туралы жобалау-сметалық құжаттамаға жеке құрылыс компаниясы орындап тастаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) тарту бойынша шығыстарды қосқан", - деп мәлімдеді ведомство.
Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатына түзету енгізілді. Көрсетілген сомалар мен жұмыстар алынып тасталды.
Ал кінәлі мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2023
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған
Жаңалықтар
0