АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Астанада адам ұрлап, оны бопсалаған бір топ алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Антикор.
"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановтың қылмысын әшкереледі", - делінген хабарламада.
Антикордың ақпаратынша, олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, адам ұрлаған. Сосын жәбірленушіні есірткі сақтағаны және қолданғаны үшін қылмыстық жауапқа тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ құны 1,4 млн теңгеден асатын мүлкін иемденген.
Топтың барлық мүшесі сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Антикор күдіктілердің заңға қайшы қызметі туралы қандай да бір ақпарат болса, 1424 Call-орталығына хабарласуды сұрайды.