https://sputnik.kz/20231114/tarazda-alayaqtar-qaytys-bolgan-adamdardyn-uylerin-zansyz-iemdenip-algan-40147387.html
Таразда алаяқтар қайтыс болған адамдардың үйлерін заңсыз иемденіп алған
Таразда алаяқтар қайтыс болған адамдардың үйлерін заңсыз иемденіп алған
Облыстық прокуратура 20 жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактілерін анықтады 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T10:38+0600
2023-11-14T10:38+0600
2023-11-14T10:42+0600
өңірлер
тараз
тұрғын үй
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/88/65/886513_0:184:2989:1865_1920x0_80_0_0_f95c4f8001ac1c341c1f98c2b30d767b.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Таразда алаяқтар қайтыс болған немесе шетелге көшіп кеткен адамдардың үйлерін заңсыз иемденіп алған, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.Ведомство ақпаратынша, азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы нарықтық құны 300 млн теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады.Алаяқтар сотқа қолдан жасалған құжаттарды ұсынған.Облыс прокуратурасы пәтерлерді заңсыз иемдену фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 6 қылмыстық істі тіркеді.Былтыр 20 үйдің үшеуін иемденген бір адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал биыл екі пәтер үшін екі адамның 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығы шектелді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Қалған 15 үй бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының ұсынымы бойынша әкімдіктер жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
https://sputnik.kz/20230922/ananyz-zhol-apatyna-tusti-alayaqtar-eki-balany-18-mln-tenge-audaruga-mazhburlegen-38686804.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/88/65/886513_128:0:2859:2048_1920x0_80_0_0_51fa187d25ae2ad89b1982eb2ac674a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
тараз, тұрғын үй
Таразда алаяқтар қайтыс болған адамдардың үйлерін заңсыз иемденіп алған
10:38 14.11.2023 (жаңартылды: 10:42 14.11.2023) Облыстық прокуратура 20 жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактілерін анықтады
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Таразда алаяқтар қайтыс болған немесе шетелге көшіп кеткен адамдардың үйлерін заңсыз иемденіп алған, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
Ведомство ақпаратынша, азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы нарықтық құны 300 млн теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады.
"Қаскөйлер Тараз қаласында иелері қайтыс болған немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен иесіз пәтерлер мен үйлерді анықтап, жалған құқық белгілейтін құжаттар жасап, басқа тұлғаларға сату мақсатында заңсыз иемденіп алған", - делінген хабарламада.
Алаяқтар сотқа қолдан жасалған құжаттарды ұсынған.
Облыс прокуратурасы пәтерлерді заңсыз иемдену фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 6 қылмыстық істі тіркеді.
Былтыр 20 үйдің үшеуін иемденген бір адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал биыл екі пәтер үшін екі адамның 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығы шектелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қалған 15 үй бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының ұсынымы бойынша әкімдіктер жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.