Талдықорғанда көпқабатты үйлерді салу кезінде 250 млн теңге жымқырылған

Құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қойғаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласында 2 көпқабатты тұрғын үйді салу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандар 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
"Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкері Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Экс-министр, бұрынғы депутат, ТЖД басшылары: 2023 жылы ұсталған жемқорлар кім