Оралдағы жарылыс: кафеде қайтыс болғандардың саны жарияланды

Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды
Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Орал қаласында жарылыс болған кафеден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілді, алтыншы адам ауруханаға жатудан бас тартты.

"Жарылыс болған жерде 2 адам көз жұмды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда", - дейді құтқарушылар.

Айта кетері, бүгін түнде екі қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақ отқа оранған.
Оқиға орнына құтқарушылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.