АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі 2023 жылғы деңгейде қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі биыл да өзгерген жоқ. Былтырғы деңгеймен қалып отыр.
2024 жылғы зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі
© Sputnik
Жеткіліктілік шегі жас ерекшеліктеріне қарай 3 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін болады.
"Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады", - деп мәлімдеді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.
Айта кетері, зейнетақы жинағын жұмсау үшін шоттағы ақша "жеткіліктілік" шегінен асуға тиіс. Қазақстандықтар зейнет жинағының артылған бөлігін баспана алуға, ипотеканы өтеуге және емделуге жұмсай алады.
Жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей.
Бұл ретте зейнетақы жинағының бір бөлігін бір емес, бірнеше рет алу құқығы беріледі.