https://sputnik.kz/20231206/2024-zhyly-en-tomengi-zhalaqy-men-zeynetaqy-qansha-bolady-40645639.html
2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?
2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?
Sputnik Қазақстан
Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойды 06.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-06T09:30+0500
2023-12-06T09:30+0500
2023-12-06T12:53+0500
зейнетақы
ең төменгі күнкөріс деңгейі
жалақы
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7034aaf2d5ef54e6e88a16d4b0c6b886.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат осы аталған сомалардың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды.Бұған дейін заң жобасы қоғамдық талқылауда болды.Сондай-ақ 2023 жылдан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70 процентіне, ал ең жоғары мөлшерін 100-ден 120 процентке дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылатыны бұған дейін хабарланды.Биылғы жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54%-дан 60%-ға дейін өсті.Бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшері орта есеппен 50%-ға дейін өседі. Бұл Қазақстандағы барлық зейнеткерді (қазіргі уақытта 2,3 миллион адам) қамтиды.Сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшері де күнкөріс минимумының өсуіне қарай жыл сайын ұлғайтылады.Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Бұл ретте белгіленген ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға өсіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/26/12492673_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_99ee8253d7120e6f9b5825eb68adbd55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы өседі, ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш, күнкөріс минимумы, аек, мрп, пенсия
зейнетақы өседі, ең төменгі жалақы, айлық есептік көрсеткіш, күнкөріс минимумы, аек, мрп, пенсия
2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?
09:30 06.12.2023 (жаңартылды: 12:53 06.12.2023) Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс минимумы 43407 теңге болып бекітілді.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат осы аталған сомалардың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.
Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға қол қойды.
Бұған дейін заң жобасы қоғамдық талқылауда болды.
Сондай-ақ 2023 жылдан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70 процентіне, ал ең жоғары мөлшерін 100-ден 120 процентке дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылатыны
бұған дейін хабарланды.
Биылғы жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54%-дан 60%-ға дейін өсті.
Бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшері орта есеппен 50%-ға дейін өседі. Бұл Қазақстандағы барлық зейнеткерді (қазіргі уақытта 2,3 миллион адам) қамтиды.
Сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшері де күнкөріс минимумының өсуіне қарай жыл сайын ұлғайтылады.
Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Бұл ретте белгіленген ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға өсіп жатыр.