Жаңа жылдық мерекеге байланысты полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Осыған байланысты ішкі істер министрі қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді
Sputnik
30 желтоқсан - Sputnik. Жаңа жылдық мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты ішкі істер министрі қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді:
Құқықтық тәртіп мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жаяу нарядтардың санын көбейту;
шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтау;
құқық бұзушылықтардың жолын кесу.
"Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек", – деп атап өтті Ержан Саденов.
Сонымен қатар кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.
Аулада атылған фейерверк үшін қандай жаза қарастырылған – полиция ескерту жасады