Жаңа жылдық мерекеге байланысты полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Жазылу
Осыған байланысты ішкі істер министрі қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді
30 желтоқсан - Sputnik. Жаңа жылдық мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты ішкі істер министрі қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді:
Құқықтық тәртіп мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жаяу нарядтардың санын көбейту;
шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтау;
құқық бұзушылықтардың жолын кесу.
"Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек", – деп атап өтті Ержан Саденов.
Сонымен қатар кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.
Фейерверк на открытии ЭКСПО-2017 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Аулада атылған фейерверк үшін қандай жаза қарастырылған – полиция ескерту жасады
Жаңалықтар
0