АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. Алты облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Қазавтожол".
Ақмола облысында – 5 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қарағанды облысында – 6 учаске
Павлодар облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, нөлден төмен температурадан көктайғақ болып тұр.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.