https://sputnik.kz/20231228/zhol-apaty-kobeydi-deputat-aqyldy-bagdarsham-zhuyesin-koptep-engizudi-usyndy-41272975.html
Жол апаты көбейді: Депутат "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды
Жол апаты көбейді: Депутат "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Еліміздің ірі қалаларында жол кептелісі мен көлік апаты көбейді 28.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-28T17:30+0500
2023-12-28T17:30+0500
2023-12-28T17:30+0500
депутат
https://sputnik.kz/img/1213/92/12139248_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_52da5cc6ef544ad2ff656efef6228112.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Елімізде жол апатынан жыл сайын шамамен екі мың адам ажал құшады. Оның ішінде кейінгі 5 жылда мыңнан аса жасөспірім қайтыс болған. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай айтты, деп хабарлады 24.kz.Биыл 12 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Өткен аптада Алматы қаласында 3 адамның өмірін қиған автобус апаты мегаполистерге ортақ өзекті мәселені көрсетті. Осыған байланысты сенатор үкіметке сауал жолдап, онда қала қозғалысын басқарудың бірыңғай автоматты басқару тетігі мен "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды.Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша 2030 жылға қарай Астанада – 33 пайызға, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда – 20 пайызға, 2 млн 466 мың адамға, Шымкентте – 32 пайызға, 1,5 млн дейін өседі. Бұл ел халқының төрттен біріне жуығы осы мегаполистерде шоғырланады деген сөз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1213/92/12139248_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_c8d100925d8198681817ba93d23cc15f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат
Жол апаты көбейді: Депутат "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды
Еліміздің ірі қалаларында жол кептелісі мен көлік апаты көбейді
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Елімізде жол апатынан жыл сайын шамамен екі мың адам ажал құшады. Оның ішінде кейінгі 5 жылда мыңнан аса жасөспірім қайтыс болған. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай айтты, деп хабарлады 24.kz.
Биыл 12 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Өткен аптада Алматы қаласында 3 адамның өмірін қиған автобус апаты мегаполистерге ортақ өзекті мәселені көрсетті. Осыған байланысты сенатор үкіметке сауал жолдап, онда қала қозғалысын басқарудың бірыңғай автоматты басқару тетігі мен "ақылды" бағдаршам жүйесін көптеп енгізуді ұсынды.
"Қоғамдық көліктерде қауіпсіздік мәселесі мүлде қарастырылмаған. Аялдамалардың көпшілігі көлік жолына тым жақын орналасқан. Мегаполистерде қоғамдық көлік тапшылығы аса өткір болып отыр", - дейді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша 2030 жылға қарай Астанада – 33 пайызға, яғни 1,7 млн адамға, Алматыда – 20 пайызға, 2 млн 466 мың адамға, Шымкентте – 32 пайызға, 1,5 млн дейін өседі. Бұл ел халқының төрттен біріне жуығы осы мегаполистерде шоғырланады деген сөз.