Өңірлер

"Семей орманы" резерватына жаңа өрт сөндіру көліктері тапсырылды

Орман шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 68,6 млрд теңге қарастырылған
Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының автопаркі жаңа өртке қарсы техникамен жаңартылды, деп хабарлайды экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Автокөліктердің кілтін табыстау үшін экология министрі Ерлан Нысанбаев табиғат қорғау мекемесіне арнайы барды.
Биыл маусым айында "Семей орманы" аумағында алапат өрт шығып, салдарынан 14 орманшы қаза тапқан болатын.
Осыдан кейін азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бекітілген кешенді жоспары аясында республикалық бюджеттен орман шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қаржы бөлінді.
Министрліктің ақпаратынша, кешенді жоспар аясында 68,6 млрд теңгеге шығыстар көзделген. Осы сомаға:
1082 бірлік арнайы көлік сатып алу (өрт сөндіру машиналары, тракторлар, патрульдік машиналар);
өртке қарсы және орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған 948 тіркеме және қосымша жабдық сатып алу (дискілі тырмалар, соқалар, тіркемелер, цистерналар);
орман өртін ерте анықтау жүйесін орнату жоспарлануда.
2023 жылы орман резерваты тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу арқылы қосымша 10 Камаз-43118 АЦ 5,0-40 өрт сөндіру автокөлігін, 1 МТЗ1221 тракторын, 1 бірлік "Газель" шағын автобусын сатып алды. Сондай-ақ, "Ақ Ертіс" қоғамдық қоры Газ-33086 өрт сөндіру автокөлігінің 4 бірлігін тегін жеткізді. Бұл техника қазірдің өзінде орман мекемесінің орталық үйінде орналасқан.
Бұған дейін орман резерватына орман өртін жедел анықтау және жою үшін 14 шағын өрт сөндіру кешені, 1 УАЗ-236234 патрульдік көлігі жеткізілді.
Айта кетері, еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 30,9 млн га құрайды және республика аумағының 11,3%-ін алып жатыр. Тәуелсіздік жылдары орман қорының ауданы 6,4 млн гектарға (25%) ұлғайды.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт: "Семей-Орманы" мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы үй қамаққа алынды