Солтүстік Қазақстанда өрттен жеті адам құтқарылды

Болжам бойынша өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан болған
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан - Sputnik. Петропавлда пәтерде өрт шығып, жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды skopetro.
Өрт төрт қабатты үйдегі пәтерден 24 желтоқсанда сағат кешкі тоғыздар шамасында шыққан.
Куәгерлер түсірген видеодан өрттің үшінші қабат терезесінен лаулап жатқанын көруге болады.
Құтқарушылар үйден 16 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар алты ересек пен бір бала құтқарылды.
Мәлім болғандай пәтерде алты шаршы метр жерде жиһаз өртенген. Болжам бойынша өрт тоқтың қысқа тұйықталуынан болған.
Оқиға
Есік қаласында түн ортасында ірі өрт болды