Экономика

Жамбыл облысында жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Кәсіпорын қуатын жылына 330 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Отандық бизнес өкілдері Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобалар таныстырылды.
"Primus Capital" ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты жылына 160 мың тоннадан асса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.
Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық тасымалды жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Pine Holding" компаниясы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу-зертханалық кешендер, робототехника, химия, биология және физика бойынша заманауи пәндік кабинеттер құру қызметтерін көрсетеді.
Жауапты басқармаларға жобаларды жан-жақты зерделеу туралы тапсырма берілді.
Қазақ ғалымдары "Тәуелсіздік" және "Тұран" атты жүгері сұрыптарын шығарды