https://sputnik.kz/20231224/zhambyl-oblysynda-zhugeri-danin-teren-ondeu-zauyty-salynuy-mumkin-41144761.html
Жамбыл облысында жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынуы мүмкін
Жамбыл облысында жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорын қуатын жылына 330 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған 24.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-24T19:05+0500
2023-12-24T19:05+0500
2023-12-24T19:05+0500
экономика
зауыт
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182452_6:0:3647:2048_1920x0_80_0_0_efc78d5cba058f305c54af5831f694fc.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.Отандық бизнес өкілдері Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобалар таныстырылды."Primus Capital" ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты жылына 160 мың тоннадан асса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық тасымалды жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті."Pine Holding" компаниясы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу-зертханалық кешендер, робототехника, химия, биология және физика бойынша заманауи пәндік кабинеттер құру қызметтерін көрсетеді.Жауапты басқармаларға жобаларды жан-жақты зерделеу туралы тапсырма берілді.
https://sputnik.kz/20231025/qazaq-galymdary-tauelsizdik-zhane-turan-atty-zhugeri-suryptaryn-shygardy-39650086.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182452_461:0:3192:2048_1920x0_80_0_0_1c99967a36d4381c4e12c792fc9385ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, жамбыл облысы
Жамбыл облысында жүгері дәнін терең өңдеу зауыты салынуы мүмкін
Кәсіпорын қуатын жылына 330 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында инвесторлар жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Отандық бизнес өкілдері Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және білім саласында инновациялық технологияларды енгізу бойынша инвестициялық жобалар таныстырылды.
"Primus Capital" ЖШС директоры Сапарбек Тұяқбаев өңірде жүгері дәнін терең өңдеу зауытын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорынның бастапқы қуаты жылына 160 мың тоннадан асса, кейіннен бұл межені 330 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген.
Тұяқбаев облыстың географиялық қолайлығы және өңірдегі жоғары өнімділік қысқа мерзімде экспорттық тасымалды жолға қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Pine Holding" компаниясы мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу-зертханалық кешендер, робототехника, химия, биология және физика бойынша заманауи пәндік кабинеттер құру қызметтерін көрсетеді.
Жауапты басқармаларға жобаларды жан-жақты зерделеу туралы тапсырма берілді.