Жеңіс Қасымбек елордада кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты

Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылды, 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды
Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиындықты реттеген.
"Мысалы, Мәңгілік ел даңғылында көлік кептелісі 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі сәйкесінше 15%-ға дейін азайды. Сондай-ақ Түркістан, Ақмешіт және т.б. көшелердегі кептеліс азайды. Келер жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуды жоспарлап отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек.
Айтматов көшесі ашылғаннан кейін Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылында көлік ағыны айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде көлік кептелісі 12%-ға төмендеді.
Сонымен қатар шағын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тас жолының ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмысы келер жылы басталады.
Сол сияқты биыл 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды – олардың 300-ден астамы пайдалануға берілді. Қалғанын 2024 жылдың 1 тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған барлық шара қозғалысы қарқынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.