https://sputnik.kz/20231222/zhenis-qasymbek-elordada-keptelis-maselesi-qalay-sheshiletinin-aytty-41124493.html
Жеңіс Қасымбек елордада кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты
Жеңіс Қасымбек елордада кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылды, 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды 22.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-22T18:54+0500
2023-12-22T18:54+0500
2023-12-22T18:54+0500
көлік кептелісі
астана
https://sputnik.kz/img/old/1081/26/10812680_0:197:2941:1851_1920x0_80_0_0_5b6eaa317b63a234240716f8409c0f65.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді.Оның айтуынша, Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиындықты реттеген.Айтматов көшесі ашылғаннан кейін Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылында көлік ағыны айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде көлік кептелісі 12%-ға төмендеді.Сонымен қатар шағын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тас жолының ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмысы келер жылы басталады.Сол сияқты биыл 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды – олардың 300-ден астамы пайдалануға берілді. Қалғанын 2024 жылдың 1 тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған барлық шара қозғалысы қарқынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1081/26/10812680_106:0:2837:2048_1920x0_80_0_0_f6b577b949ee5df20fa440fb29a1d8f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік кептелісі, астана
Жеңіс Қасымбек елордада кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты
Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылды, 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиындықты реттеген.
"Мысалы, Мәңгілік ел даңғылында көлік кептелісі 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі сәйкесінше 15%-ға дейін азайды. Сондай-ақ Түркістан, Ақмешіт және т.б. көшелердегі кептеліс азайды. Келер жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуды жоспарлап отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек.
Айтматов көшесі ашылғаннан кейін Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылында көлік ағыны айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде көлік кептелісі 12%-ға төмендеді.
Сонымен қатар шағын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тас жолының ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмысы келер жылы басталады.
Сол сияқты биыл 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды – олардың 300-ден астамы пайдалануға берілді. Қалғанын 2024 жылдың 1 тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған барлық шара қозғалысы қарқынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.