Атырау облысында жасөспірім араздасып қалған құрдасының атынан жалған ақпарат берген

Жасөспірім мессенджерде анонимді аккаунт ашып, одан дабыл сигналын жолдаған
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында жасөспірім араздасып қалған құрдасының атынан мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама берген, деп хабарлады Polisia.kz.
Өңірлік полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментінің терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп, жалған хабарламаны Жылыой ауданындағы мектептің бірінің 9-сынып оқушысы бергенін анықтады.
Жасөспірім мессенджерде анонимді аккаунт ашып, одан дабыл сигналын жолдаған.
Оқушы Telegram чатта құрдасымен әңгімелесу барысында сөзге келіспей қалғандықтан осындай әрекетке барған көрінеді.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ата-анасының үстінен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік материал жинақталды.
Қарағандыда науқас дәрігердің телефонынан жалған хабарлама берген