https://sputnik.kz/20231010/qaragandyda-nauqas-darigerdin-telefonynan-zhalgan-khabarlama-bergen-39247419.html
Қарағандыда науқас дәрігердің телефонынан жалған хабарлама берген
Қарағандыда науқас дәрігердің телефонынан жалған хабарлама берген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Қарағандының медициналық мекемелерінің бірінде қызық жағдай болды. 17 жастағы науқас 112 арнасына қоңырау шалып, қалалық... 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T20:10+0500
2023-10-10T20:10+0500
2023-10-10T20:10+0500
дәрігер
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_98b5e54f01153a206e5ffe6e8f244261.jpg
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Қарағандының медициналық мекемелерінің бірінде қызық жағдай болды. 17 жастағы науқас 112 арнасына қоңырау шалып, қалалық ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлады Polisia.kz.Полицейлер ғимаратты және оған іргелес аумақты дереу қарап шыққан. Айбырой болғанда жарылғыш зат табылмаған.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр."Терроризм актісі туралы жалған хабар беру – қоғамдық тәртіпті бұзатын қауіпті қылмыс. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған", - дейді полицейлер.Бұндай қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар жалған ақпарат таратқан адам сот шешімімен барлық шығынды өтейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/78/11067887_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_1050a7b0220a644d84c757cdc674c7ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
Қарағандыда науқас дәрігердің телефонынан жалған хабарлама берген
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Қарағандының медициналық мекемелерінің бірінде қызық жағдай болды. 17 жастағы науқас 112 арнасына қоңырау шалып, қалалық ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан, деп хабарлады
Polisia.kz. Полицейлер ғимаратты және оған іргелес аумақты дереу қарап шыққан. Айбырой болғанда жарылғыш зат табылмаған.
"Тәртіп сақшылары қоңырау шалған нөмірдің иесін анықтаған. Ол медициналық мекеменің қызметкері болып шықты. Дәрігер телефонын палаталардың бірінде үстелде қалдырып кеткен. Осы сәтті пайдаланған жасөспірім науқас телефонды алып, жалған хабарлама берген", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Терроризм актісі туралы жалған хабар беру – қоғамдық тәртіпті бұзатын қауіпті қылмыс. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған", - дейді полицейлер.
Бұндай қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар жалған ақпарат таратқан адам сот шешімімен барлық шығынды өтейді.