Маңғыстаудағы ереуілшілер "ҚазМұнайГаз" өкілдерімен келіссөз жүргізуден бас тартты

Әкімдік мәліметінше, жұмысшылар "ҚазМұнайГаз" штатына жұмысқа орналасуды талап етті
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. West Oil Software қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" өкілдерімен келіссөз жүргізуден бас тартты, деп хабарлайды Қарақия ауданының әкімдігі.
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен West Oil Software қызметкерлерімен келіссөз жүргізуге әрекет жасалды. Әкімдік мәліметінше, жұмысшылар "ҚазМұнайГаз" штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартты.
19 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil software наразылық білдіруші қызметкерлерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Төретаев наразылық білдірушілерге мәселені келіссөз арқылы шешуге шақырды. Қызметкерлер әкімнің ұсынысымен келісті.
20 желтоқсан күні таңертең "ҚазМұнайГаз" АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы және Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев заңсыз ереуіл өтетін жерге келіп, наразылық білдірушілерді өз қатарынан белсенділерді таңдап, келіссөздер процесін бастауға шақырды.
Алайда, West Oil Software қызметкерлері наразылық акциясын заңдастыруды талап етіп, келіссөздерді бастаудан бас тартты. Дәулетжан Хасанов өз кезегінде ереуіл соттың шешімімен заңсыз деп танылғанын және оны тек жоғары тұрған сот сатысына арыз беру арқылы жоюға болатынын түсіндірді.
"WOS-тың бірқатар қызметкерлерінің "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесімен (ЕСОТ) еңбекақыны теңестіру, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына кіру сияқты қосымша талаптары негізсіз болып табылатынын атап өту қажет", - делінген хабарламада.
Акцияның өзі 11 желтоқсанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының соты заңсыз деп танылды.
"Сондай-ақ, WOS-тың кейбір қызметкерлері бұрын Қазмұнайгаздың еншілес ұйымдарының қызметкерлері болғанын және 2018 жылы 5/50 бағдарламасын пайдаланып, өз еркімен жұмыстан шыққанын және аталған бағдарлама аясында бес жылдық жалақысының 50% алғанын атап өткен жөн. Орташа алғанда, бір адамға төленетін төлем сомасы шамамен 11 млн теңгені құрады. Осы себепті ҚазМұнайГаздың ЕТҰ штатына көшуі туралы талаптар да мүмкін емес", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Осы күнгі ереуілге байланысты "West Oil Software" ЖШС күніне шамамен 23 млн теңге шығын әкеліп отыр.
Маңғыстау облысындағы ереуіл: "West Oil Software" ЖШС басшылығы мәлімдеме жасады