АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде алдағы екі-үш жылда төрт әуежай салу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдағы 2-3 жылға арналған жоспарда Балқаш және Үржар әуежайларын жаңғырту, тағы да Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан және Қатонқарағай әуежайларын салу мәселесі пысықталуда", – деді Қарабаев үкімет отырысында.
Осы жоспарды жүзеге асыруға жалпы сомасы 71 млрд теңге қажет.
Министр шағын авиацияны дамыту үшін бюджет есебінен Балқаш, Үшарал және Үржар әуежайларындағы ұшу-қону жолақтары жаңғыртылғанын және Үшаралда жаңа аэровокзал салынғанын атап өтті.
Сондай-ақ қуаты аз әуежайлар (жылына 200 мың жолаушыдан аз) және осы әуежайларға ұшатын рейстер мемлекет тарапынан субсидияланады.