https://sputnik.kz/20231219/qazaqstannan-nyu-york-tokio-zhane-singapurga-reyster-ashylady-41035188.html
Қазақстаннан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға рейстер ашылады
Қазақстаннан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға рейстер ашылады
Sputnik Қазақстан
Биыл алты шетелдік әуе компаниясына Қазақстанға ұшуға рұқсат етілді 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T14:39+0500
2023-12-19T14:39+0500
2023-12-19T14:39+0500
ұшақ
рейстер
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38048015_0:347:3024:2048_1920x0_80_0_0_664240830438d58c720e856d81d75b9b.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы екі жылда Қазақстаннан әлемнің қандай ірі қалаларына рейстер ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, қазір 28 елмен 110 бағытта рейстер орындалады. Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық авиамаршрут ашылды.Биыл 6 шетелдік авиакомпанияға Қазақстанға ұшуға рұқсат берілген. Оған қоса, "ашық аспан" режиміне түзетулер енгізіліп, "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеу алынып тасталды."Нәтижесінде 2024 жылғы 14 наурыздан бастап азиялық ірі лоукостер "Air Asia" компаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және "ашық аспан" режимін қолдана отырып, Алматыдан әрі қарай Джидда қаласына рейстер орындайды", – деп атап өтті көлік министрі.Айтуынша, бұл шаралар нарықта бәсекелестікті күшейтеді және билеттердің қолжетімділігін арттырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38048015_276:0:3007:2048_1920x0_80_0_0_d5230694870c4449cd2263f475651b4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, рейстер
Қазақстаннан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға рейстер ашылады
Биыл алты шетелдік әуе компаниясына Қазақстанға ұшуға рұқсат етілді
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы екі жылда Қазақстаннан әлемнің қандай ірі қалаларына рейстер ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір 28 елмен 110 бағытта рейстер орындалады. Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық авиамаршрут ашылды.
"Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбаи, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылады", – деді Қарабаев үкімет отырысында.
Биыл 6 шетелдік авиакомпанияға Қазақстанға ұшуға рұқсат берілген. Оған қоса, "ашық аспан" режиміне түзетулер енгізіліп, "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеу алынып тасталды.
"Нәтижесінде 2024 жылғы 14 наурыздан бастап азиялық ірі лоукостер "Air Asia" компаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және "ашық аспан" режимін қолдана отырып, Алматыдан әрі қарай Джидда қаласына рейстер орындайды", – деп атап өтті көлік министрі.
Айтуынша, бұл шаралар нарықта бәсекелестікті күшейтеді және билеттердің қолжетімділігін арттырады.