АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Парижде Рождество мерекесіне орай Астана күндері жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Хабар 24.
Іс-шара аясында қазақстандық қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бастамаға Астана әкімдігі мен Франциядағы қазақ әйелдерінің қауымдастығы мұрындық болған.
Елордалық қолөнершілердің Париждегі Астана күндері жылдағыдан ерекше басталды. Олар келушілерге қазақтың ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынып, домбыра, асық сынды құндылықтарымызды көпшілік назарына паш етті.
Әдетте француздар Рождествоға арналған жәрмеңкені асыға күтеді. Өйткені көрме алаңында тұрғындар серуендеп, сауда жасап, мерекелік атомсфераны сезінеді. Елордалық қолөнершілер ұсынған ұлттық бұйымдарды тамашалап қана қоймай, Қазақстанның туристік аймақтарымен танысуға да мүмкіндік алды.
Париждегі Астана күндерінің ашылғанына бір-ақ күн болса да, тұрғындардың Қазақстан тауарларына деген қызығушылығы кәдімгідей байқалады. Өйткені француздар сапалы, ерекше дизайнмен жабдықталған қолдан жасалған бұйымды жоғары бағалайды. Сол себепті қазақтың қолөнері Францияда үлкен сұранысқа ие.