https://sputnik.kz/20231219/parizhde-astana-kunderi-zharmenkesi-otip-zhatyr-41024298.html
Парижде Астана күндері жәрмеңкесі өтіп жатыр
Парижде Астана күндері жәрмеңкесі өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Париждегі Астана күндерінің ашылғанына бір-ақ күн болса да, тұрғындардың Қазақстан тауарларына деген қызығушылығы кәдімгідей байқалады 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T07:02+0500
2023-12-19T07:02+0500
2023-12-19T07:02+0500
париж
көрме
https://sputnik.kz/img/old/725/71/7257127_0:134:3500:2103_1920x0_80_0_0_e54e552b17504d0a54ec1652f0265041.jpg
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Парижде Рождество мерекесіне орай Астана күндері жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Хабар 24.Іс-шара аясында қазақстандық қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бастамаға Астана әкімдігі мен Франциядағы қазақ әйелдерінің қауымдастығы мұрындық болған. Елордалық қолөнершілердің Париждегі Астана күндері жылдағыдан ерекше басталды. Олар келушілерге қазақтың ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынып, домбыра, асық сынды құндылықтарымызды көпшілік назарына паш етті. Әдетте француздар Рождествоға арналған жәрмеңкені асыға күтеді. Өйткені көрме алаңында тұрғындар серуендеп, сауда жасап, мерекелік атомсфераны сезінеді. Елордалық қолөнершілер ұсынған ұлттық бұйымдарды тамашалап қана қоймай, Қазақстанның туристік аймақтарымен танысуға да мүмкіндік алды. Париждегі Астана күндерінің ашылғанына бір-ақ күн болса да, тұрғындардың Қазақстан тауарларына деген қызығушылығы кәдімгідей байқалады. Өйткені француздар сапалы, ерекше дизайнмен жабдықталған қолдан жасалған бұйымды жоғары бағалайды. Сол себепті қазақтың қолөнері Францияда үлкен сұранысқа ие.
париж
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/725/71/7257127_259:0:3242:2237_1920x0_80_0_0_d7663a2a85f52e74868b5d798c7a0c6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
париж, көрме
Парижде Астана күндері жәрмеңкесі өтіп жатыр
Париждегі Астана күндерінің ашылғанына бір-ақ күн болса да, тұрғындардың Қазақстан тауарларына деген қызығушылығы кәдімгідей байқалады
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Парижде Рождество мерекесіне орай Астана күндері жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды
Хабар 24. Іс-шара аясында қазақстандық қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бастамаға Астана әкімдігі мен Франциядағы қазақ әйелдерінің қауымдастығы мұрындық болған.
Елордалық қолөнершілердің Париждегі Астана күндері жылдағыдан ерекше басталды. Олар келушілерге қазақтың ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынып, домбыра, асық сынды құндылықтарымызды көпшілік назарына паш етті.
Әдетте француздар Рождествоға арналған жәрмеңкені асыға күтеді. Өйткені көрме алаңында тұрғындар серуендеп, сауда жасап, мерекелік атомсфераны сезінеді. Елордалық қолөнершілер ұсынған ұлттық бұйымдарды тамашалап қана қоймай, Қазақстанның туристік аймақтарымен танысуға да мүмкіндік алды.
Париждегі Астана күндерінің ашылғанына бір-ақ күн болса да, тұрғындардың Қазақстан тауарларына деген қызығушылығы кәдімгідей байқалады. Өйткені француздар сапалы, ерекше дизайнмен жабдықталған қолдан жасалған бұйымды жоғары бағалайды. Сол себепті қазақтың қолөнері Францияда үлкен сұранысқа ие.