АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Ауа-райының нашарлауына байланысты республиканың 5 аймағында жол жабық, деп хабарлайды ҚазАвтожол.
Ауа температурасы төмендеп, боран соғып, жолдар көрінбей тұр. 5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылды.
Алматы облысында 84 км болатын 1 учаскеде жол жабық.
"Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрылыс ауылы мен Жамбыл облысының шекарасындағы жол учаскесінде жол жабық.
Атырау облысында 1 учаскеге шектеу қойылды.
"Ақтөбе-Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" 712-893 км, Жанбай кенті мен Ресей Федерациясының шекарасына дейін көліктің барлық түріне жүруге болмайды. Жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр.
Жамбыл облысында ауа райының нашарлығына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" бағытында 59-143 шақырымы, Жаңақұрылыс ауылы - Жамбыл облысының шекарасындағы учаскеде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды.
Жамбыл облысында 4 учаске, 505 км жол жабық.
1. "Алматы-Ташкент-Термез" Кенен және Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) - 95 км;
2. "Шу-Қайнар" учаскесінің 56 км;
3. "Алматы-Ташкент-Термез" км. 239-593, Қайнар ауылы мен Түркістан облысы шекарасында - 354 км;
4. "Алматы-Ташкент-Термез" бағытындағы 143-238 км, Алматы облысы - Қайнар ауылы арасындағы учаскелерде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылған.
Жетісу облысында Көктұма және Достық станцияларының арасы, " Үшарал – Достық" уческесінде 100 км жол жабық. Бұл аймақта бұрқасын қар, көктайғақ болып тұр. Түркістан облысы:
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-654 км, Жамбыл облысының шекарасы мен Машат ауылы - 61 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Қазіргі күні республикалық маңызы бар автожолдарда 357 техника жұмылдырылды