https://sputnik.kz/20231216/qazaqstannyn-bes-oblysynda-zhol-zhabyq-40991943.html
Қазақстанның бес облысында жол жабық
Қазақстанның бес облысында жол жабық
Sputnik Қазақстан
5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылды 16.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-16T12:05+0500
2023-12-16T12:05+0500
2023-12-16T12:05+0500
тас жол
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994835_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e05364fdb667bf8de5cb9015b290e6e9.jpg
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Ауа-райының нашарлауына байланысты республиканың 5 аймағында жол жабық, деп хабарлайды ҚазАвтожол. Ауа температурасы төмендеп, боран соғып, жолдар көрінбей тұр. 5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылды. Жамбыл облысында ауа райының нашарлығына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" бағытында 59-143 шақырымы, Жаңақұрылыс ауылы - Жамбыл облысының шекарасындағы учаскеде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды. Жамбыл облысында 4 учаске, 505 км жол жабық. 1. "Алматы-Ташкент-Термез" Кенен және Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) - 95 км; 2. "Шу-Қайнар" учаскесінің 56 км; 3. "Алматы-Ташкент-Термез" км. 239-593, Қайнар ауылы мен Түркістан облысы шекарасында - 354 км; 4. "Алматы-Ташкент-Термез" бағытындағы 143-238 км, Алматы облысы - Қайнар ауылы арасындағы учаскелерде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылған. Жетісу облысында Көктұма және Достық станцияларының арасы, " Үшарал – Достық" уческесінде 100 км жол жабық. Бұл аймақта бұрқасын қар, көктайғақ болып тұр. Түркістан облысы: "Алматы-Ташкент-Термез" 593-654 км, Жамбыл облысының шекарасы мен Машат ауылы - 61 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Қазіргі күні республикалық маңызы бар автожолдарда 357 техника жұмылдырылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994835_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5d1cd05b120dfe4523b66fc0ebaef534.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тас жол, ауа райы
Қазақстанның бес облысында жол жабық
5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылды
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Ауа-райының нашарлауына байланысты республиканың 5 аймағында жол жабық, деп хабарлайды ҚазАвтожол.
Ауа температурасы төмендеп, боран соғып, жолдар көрінбей тұр. 5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктерге шектеу қойылды.
Алматы облысында 84 км болатын 1 учаскеде жол жабық.
"Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрылыс ауылы мен Жамбыл облысының шекарасындағы жол учаскесінде жол жабық.
Атырау облысында 1 учаскеге шектеу қойылды.
"Ақтөбе-Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" 712-893 км, Жанбай кенті мен Ресей Федерациясының шекарасына дейін көліктің барлық түріне жүруге болмайды. Жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр.
Жамбыл облысында ауа райының нашарлығына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" бағытында 59-143 шақырымы, Жаңақұрылыс ауылы - Жамбыл облысының шекарасындағы учаскеде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды.
Жамбыл облысында 4 учаске, 505 км жол жабық.
1. "Алматы-Ташкент-Термез" Кенен және Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) - 95 км;
2. "Шу-Қайнар" учаскесінің 56 км;
3. "Алматы-Ташкент-Термез" км. 239-593, Қайнар ауылы мен Түркістан облысы шекарасында - 354 км;
4. "Алматы-Ташкент-Термез" бағытындағы 143-238 км, Алматы облысы - Қайнар ауылы арасындағы учаскелерде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылған.
Жетісу облысында Көктұма және Достық станцияларының арасы, " Үшарал – Достық" уческесінде 100 км жол жабық. Бұл аймақта бұрқасын қар, көктайғақ болып тұр. Түркістан облысы:
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-654 км, Жамбыл облысының шекарасы мен Машат ауылы - 61 шақырымында көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Қазіргі күні республикалық маңызы бар автожолдарда 357 техника жұмылдырылды